Білім саласы
6B06 Ақпараттықкоммуникациялық технологиялар
Дайындық бағыты
6B061 Ақпараттықкоммуникациялық технологиялар
Дайындық бағыты
B057 Ақпараттық технологиялар
БББ мақсаты:
Ақпараттық технологиялар саласында кәсіби және әлеуметтік құзыреттілікке ие, ақпараттық жүйелерді жобалауға, құруға, пайдалануға қабілетті жоғары білікті кадрларды даярлау
Кәсіби қызмет саласында экономика негіздері, құқық және тіршілік қауіпсіздігі білімін қолданады.
Жаратылыстану және инженерлік ғылымдар саласындағы базалық білімді, кәсіби саладағы фактілер, құбылыстар, теориялар мен күрделі тәуелділіктерді қолданады.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында ғылыми зерттеу әдістері мен академиялық хат жазу дағдыларына ие, академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін ескере отырып, ғылыми пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады.
Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерін, тілдің негізгі конструкцияларын және стандартты деректер типтерін қолдана отырып, алгоритмдер мен бағдарламаларды әзірлеу дағдыларын меңгереді.
Ақпаратты іздеуді, сақтауды, өңдеуді және талдауды жүзеге асырады, оны деректер мен білім құрылымын жобалау үшін ақпараттық, компьютерлік, желілік технологияларды, әртүрлі технологиялық процестерді модельдеудің қолданбалы және ақпараттық процестерін пайдалана отырып, қажетті форматта ұсынады.
Бизнес-процестерді модельдеу, талдау және құжаттау мәселелерін шешу үшін заманауи аспаптық құралдарды, "ақылды" құрылғылардың контекстін автоматты түрде қабылдау және талдау әдістерін, деректерді өңдеудің ұжымдық алгоритмдерін және іс-әрекеттерді жоспарлауды қолданады.
Контентті басқару жүйелерін бейімдеу үшін деректер қауіпсіздігі мен қорғаудың заманауи әдістерін қолдана отырып, ақпараттық қызметтердің желілік технологияларын басқарады.
Жоғары өнімді, мультимедиялық бағдарламалық қосымшаларды, бұлттарға қолданылатын қосымшаларды әзірлеу кезінде компьютерлік технологияларды қолданады.
Мехатрондық және робототехникалық жүйелерді модельдеуге, жобалауға және әзірлеуге қабілетті.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
Жобалық-конструкторлық:
Өндірістік-технологиялық:
Ұйымдастырушылықбасқарушылық:
Ғылыми-зерттеу:
Эксплуатациялық:
Ақпараттық жоба, жобалар портфелі, бағдарламалық және желілік құралдар және кәсіпорындардың ақпараттық технологиялар инфрақұрылымының платформалары.
Оқыту бағытына лицензия нөмірі
03.02.2010 ж., АБ 0137401, ҚР БҒМ 28.03.2019 ж. №299 бұйрығы